jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ляззат Салимова
    Ляззат Салимова
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтаудағы ұшақ апаты: бес адам жансақтау бөліміне түскені мәлім болды

    Жансақтау бөлімі
    Жансақтау бөлімі. Фото: "Астана"/Astana TV

    Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін жиырмадан астам адам ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Маңғыстау облысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 желтоқсан күні сағат 10:58-де 1-санатты жедел жәрдем шақыру түскен. Оқиға орнына 22 жедел жәрдем бригадасы және Орталық медициналық орталықтан (апаттар медицинасы орталығы) 6 бригада жөнелтілген.

    "Облыстық көпсалалы ауруханада 30 хирургиялық және травматологиялық төсек, сондай-ақ 10 реанимациялық төсек дайындалды. Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасы 20 төсек-орын және 10 реанимациялық төсек дайындады. Қазіргі уақытта 14 зардап шегушінің 5-уі ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. 11 жасар бала балалар ауруханасына жатқызылды, ол жедел жәрдем деңгейінде тексерілуде. Жедел-жәрдем көлігімен тағы 16 жастағы бір баланы әкеле жатыр"- деп жауап берді Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

    Еске салсақ, бүгін, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ апатқа ұшырады.

    Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясы ұшақ бортында болған адамдардың тізімін жариялады.

    Ақтаудағы ұшақ апаты: бес адам жансақтау бөліміне түскені мәлім болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.