jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтаудағы ұшақ апаты: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

    Дәрігерлер
    Дәрігерлер. Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

    Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының сағат 10:30 дағы мәліметі бойынша ауруханаға келіп түскен барлық пациент ДСМ диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр. Дәрігерлер қазіргі уақытта ауруханада 20 пациент бақылауда, 6 пациент жансақтау бөлімінде екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Тергеу органдары 2 пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, олардың біреуі анықталып, Әзербайжан азаматтығы анықталды.

    Сондай-ақ санитарлық авиация желісі бойынша Астана қаласынан Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді.

    Жоғарыда аталған мамандардан басқа, Әзербайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасы келді.

    Барлық зардап шеккен науқастарға тексеру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ зардап шеккендермен және олардың туыстарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр.

    ​Бүгін, 26 желтоқсанда таңертең Ақтау уақытымен сағат 08:30-да Ресей Федерациясының ТЖМ орталық аппаратының санитарлық авиация бортында Ресей Федерациясының азаматтары эвакуацияланды.

    ​"Қазіргі уақытта ауруханада 20 науқас бақылауда, оның алтауы жансақтау бөлімінде: бесеуі Маңғыстау облыстық ауруханасында және біреуі Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде. 2 пациент травматология бөлімшесіне ауыстырылды", - делінген хабарламада.

    Ақтаудағы ұшақ апаты: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.