Top.Mail.Ru

Зектілері

Қытайда метапневмовирус өршіді: Қазақстанда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме

Жарияланған күні:

Дәрі-дәрмек
Дәрі-дәрмек және қызу өлшейтін құрал. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандағы қоймаларда жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциясын емдеуге арналған препараттардың қажетті қоры бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "СҚ-Фармация" компаниясына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бүгін Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында метапневмовирустық инфекция (HMPV) жұқтырған науқастар анықталғанын хабарлады. Осыған байланысты "СҚ-Фармация" өкілдері мәлімдеме жасады.

"Қоймаларда жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциясын емдеуге арналған препараттардың қажетті қоры бар. Мысалы, антипиретикалық препараттар, кең спектрлі бактерияға қарсы препараттар, аралас бактерияға қарсы агенттер, селективті агонистер тобынан бронходилататорлар және басқа да дәрілер.

Аймақтардағы медициналық мекемелер жеке қорғаныс құралдарымен (маскалар, антисептиктер) қамтамасыз етілген. Науқастар саны артқан және медициналық инфрақұрылымға жүктеме өскен жағдайда Бірыңғай дистрибьютор өңірлер сұранысын өтеуге дайын", - деп хабарлайды СҚ-Фармация.

Бұған қоса, компания Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп эпидемиологиялық жағдайды бақылауға, азаматтардың денсаулығын қорғау үшін медициналық құралдармен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етуге дайын.

Мекеме мәліметінше, метапневмовирус – ондаған жылдар бойы әлемде таралған бұрыннан белгілі вирус. Эпидемиялық маусымда елімізде тұмау вирустарын жұқтырған науқастардың 1,6 пайызы метапневмовируспен ауыратыны анықталған. Мәліметті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті растаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2208404-qytaida-metapnevmovirus-taraldy-qazaqstanda-dari-darmek-qory-zhetkilikti-me/