jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астана медицина университетінің тағы бір түлегі ұшақ бортында жолаушының өмірін сақтап қалды

    Қарлығаш Бакиров бортсерікпен
    Қарлығаш Бакиров ортада. Фото: t.me/DenMinPR

    Астаналық дәрігер ұшақ бортында хәлі нашарлаған егде адамға көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 24 қаңтарда Астана-Мәскеу рейсінде 85 жастағы жолаушыға шұғыл медициналық көмек қажет болған.

    Немересімен бірге ұшқан Виктор Карпиннің кенет жағдайы күрт нашарлаған.

    Осы кезде бортта отоневролог дәрігер Қарлығаш Бакирова болған. Ол дереу жолаушыға көмек көрсетуге кіріскен.

    Тексеру барысында пациенттің гипертониялық ауруы бар екені, алайда қан қысымы 50/30 мм сын.бағ. дейін төмендегені анықталған. Сондай-ақ импульс сезілмеген.

    Қарлығаш Бакирова бірден реанимациялық іс-шараларға көшіп, оның ішінде жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жасап, пациенттің жағдайын уақытша тұрақтандырған.

    Осыдан кейін дәрігер шұғыл қону керектігін айтып, экипаж жақын маңдағы Уфа әуежайына қонған.

    Ұшып келгеннен кейін Виктор Алексеевич дәрігерлерге тапсырылып, кейінірек оның жағдайы тұрақтанған. Ал Қарлығаш Бакирова қарияның жағдайы жақсарғанша жолаушының немересімен байланысын үзбеген.

    Айта кетейік, Қарлығаш Бакирова да Астана медицина университетінің түлегі.

    Осы орайда ДСМ өкілдері Астана медицина университетінің түлегі ұшақ бортында адам өмірін сақтап қалған бір айдағы екінші жағдай екенін еске салды. Бұған дейін осы университеттің интерні Дінмұхамед Бектұрғанов жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіп, Қызылорда-Астана рейсінің жолаушысының өмірін сақтап қалған еді.

    Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері дәрігер Қарлығаш Бакироваға жоғары кәсібилігі, сондай-ақ уақтылы білікті медициналық көмек көрсеткені үшін алғысын айтты.

    Астана медицина университетінің тағы бір түлегі ұшақ бортында жолаушының өмірін сақтап қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.