Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Профессор семіздіктен арылудың жолын көрсетті

Опубликовано:

АҚШ-тың семіздік мәселесі бойынша алдыңғы қатарлы ғалымы, Калифорния университетінің профессоры Роберт Лустиг көп тамақ жейтін адамдарды ерік күшінің әлсіздігімен кінәламайтынын айтты.

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Оның пайымдауынша, семіздік түгелдей гормоналдық мәселе және көп мөлшерде шекер тұтынудан келіп шығады.

Лустиг семіздік проблемасында лептин гормонын кінәлайды. Бұл гормон тәбет термостаты ретінде қызмет атқарады. Лептин — денедегі 2 "аштық гормонының" бірі және тәбетті азайтады. (Ал оның серігі грелин тәбетті арттырады).

Жеткілікті түрде тамақ желінген кезде май жасушалары лептин бөліп шығарады. Ал бұл тәбетті тоқтатып, мидың тамақ жеуді тоқтату нұсқауын беруіне жол ашады. Көптеген ғалымдар семіздік лептиннің аздығынан келіп шығады деп ойлайды. Ал негізінде зерттеулер семіздерде көп мөлшерде лептин бар екендігін көрсетеді.

Профессор Лустиг бұл жағдайды "Лептин тежелуі" деп түсіндіреді. Мұндай жағдайда ми лептиннің сигналдарын оқи алмайды және әрқашан аштық сезімін білдіреді.

Лустиг семіздердің осы себепті бір нәрселер жегісі келіп тұратынын және диета сақтау қиынға соғатынын айтады.

Арықтаудың ең маңызды жолы лептиннің тежелуін жою екенін мәлімдеген Лустиг, оны жүзеге асыру, яғни арықтау үшін мынадай кеңес береді:

1. Тәтті тағамды аптасына бір рет қана жеңдер.

2. Талшықты азықтар ас қорыту жүйесін жұмыс істету арқылы арықтатады.

3. Күніне 15 минут дене жаттығуын жасаңдар.

4. Тамақты әжелеріңнің жегеніндей жеңдер. Әжелерің білмейтін нәрсені жемеңдер. Түрегеп тұрып та жемеңдер. Түрегеп тұрып жеу тез жеуге жол ашады, тою сигналдарын алу үшін жеткілікті уақыт болмайды.

Сонымен қатар, протеинді азықтар тұтынған жөн деген Лустиг, ұн өнімдерінен, май, карбонгидрат және шекерден жасалған тағамдардан алшақ болу керектігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/333733-professor-semizdikten-aryludyn-zholyn-korsetti/

pixel