jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    ДДСҰ коронавирустан туындаған пандемияға қатысты тың мәлімдеме жасады

    : Instagram

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, пандемия - жаңа аурудың әлемдік масштабта таралуы. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ centralasian.media сайтына сілтеме жасап жазады.

    Көрнекі фото: centralasia.media
    Көрнекі фото: centralasia.media: Instagram
    "Тұмау пандемиясы тұмаудың жаңа вирусы туындап, әлем бойынша таралған уақытта болады. Бұрынғы пандемияларды тұтатқан вирустар негізінен жануарлардың тұмау вирусынан пайда болған.

    Пандемияның бірқатар аспектісі тұмауға ұқсас келеді, ал кей параметрі айтарлықтай дәрежеде ерекшеленуі мүмкін.

    Мысалы, қарапайым тұмауға да, пандемия тұмауына да барлық жастағы адамдар шалдығады және емсіз-ақ жазылып кетеді. Бірақ қарапайым тұмаудан көбіне қарттар қайтыс болады, басқа қайғылы жағдайлар тек түрлі медициналық жағдайлардағы тұлғалар арасында байқалады.

    Біз бұрын соңды коронавирустан туындаған және бақылауға мүмкіндік бар пандемияға кезікпедік. 114 елде тіркелген 118 мың коронавирус дерегінің 90 пайызынан көбі төрт елде анықталды. Ал олардың екеуі - Қытай мен Оңтүстік Кореяда қатерлі дертке шалдыққандар саны азаюда", -делінген ұйым сайтында.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың сөзінше, Covid-19 таралуының жаңа классификациясы мүдделі елдердің биліктеріне жаңа коронавируспен күресу жолдары жайлы ұсыныстарды өзгертпейді.

    "Жағдай пандемия ретінде сипатталғанымен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус төндіретін қауіп-қатерді бағалауды өзгертпейді. Бұл ДДСҰ шараларына өзгеріс әкелмейді, мемлекеттерге қатысты да дәл солай",- делінген ұйым мәлімдемесінде.

    Бүгінде Гебрейесус коронавирусқа қатысты "әрекетсіздіктің дабылды деңгейіне" алаңдап отыр. Ол үкіметтерді "шұғыл әрі агрессивті шаралар" қолдануға шақырды.

    "Бірнеше мемлекет вирусты басуға және бақылауға болатынын көрсетті", - деді ол.

    Осыған дейін ДДСҰ Covid-19 тұтануын тек эпидемияға балаған.

    Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттік орган басшысымен кеңес өткізді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    ДДСҰ коронавирустан туындаған пандемияға қатысты тың мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.