jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    27 бекет Алматының қай жерлерінде орналасады

    : Original

    Коронавирус инфекцияның таралуына шектеу қою мақсатында ұйымдастырылған карантин кезінде Алматының кіреберісіндегі полиция бекеттерінің қайда орналасатыны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Бұған дейін короновирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін карантин кезінде көліктердің қала шекарасына кіруі мен шығуына шектеу енгізілетіні хабарланған болатын.

    Осыған сәйкес, 19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап оңтүстік астанада арнаулы бекеттер қойылып, онда тәртіп сақшылары мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері қызмет ететін болады, деп жазады Polisia.kz.

    Тексеру орындары қаланың барлық кіреберісінде, соның ішінде 10-ы магистральде орналасады. Толық тізімді сілтемеден көруіңізге болады>>>

    Осыған байланысты полиция қала тұрғындарына маршруттарын алдын ала реттеуді, билік өкілдерінің талабына бағынуды, карантин талаптары мен жол ережесін бұзбауды ескертеді.

    "Төтенше жағдайға байланысты талаптарды бұзған адамдарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу сияқты әкімшілік жаза қолданылады. Төтенше жағдай жарияланған аумақта билік өкілінің талабына бағынбағандарға 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 2 жылға дейін бас бостандығы шектеледі", - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Сонымен қатар полиция төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын айтты.

    Жалған ақпарат таратқан тұлғалар 3-7 жыл бас бостандығы шектеліп немесе сол мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

    Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен елімізде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

    Сонымен қатар мемлекет басшысы халыққа мәлімдеме жасап, бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізге сенім білдірді.

    Сондай-ақ, президент жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

    Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    27 бекет Алматының қай жерлерінде орналасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.