jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматы 22 наурыз күні толығымен жабылады

    : UGC

    Алматы қаласы 22 наурыз күні толығымен жабылады. Бұл туралы брифингте қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматы 22 наурызда толығымен жабылады
    Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

    Оның айтуынша, 22 наурыз күні сағат 00.00-де барлық блок бекеттер жабылатын болады.

    "Қала тұрғындары мен қонақтарына кептелістер мен кезектерді болдырмау үшін қазірдің өзінде логистикалық іс - шараларды жүзеге асыруды бастауға кеңес береміз", - деді әкім орынбасары.

    Ол сондай-ақ Алматы тұрғындарына қалаға келу, ал басқа қала тұрғындары мен шетелдіктерге қайтып кету үшін 72 сағат берілетінін айтты.

    Ал одан кейін көпшілікке қалаға шығуға және кіруге тыйым салынады, оның ішінде оңтүстік астанада жұмыс істейтін қала маңы тұрғындары да бар.

    "Бүгін барлығы үйлеріне қайтуы керек. Алматыда тұрмайтын адамдар өз өңірлеріне аттанып, өз істерімен айналысуы тиіс. Үйде толық оқшаулауда болуды ұсынамыз", - деді әкімнің орынбасары.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнгі сағат 00:00-де Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылады. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

    Қала сыртында тұратын тұрғындар арнайы рұқсат қағазынсыз шаһар ішіне кіре алмайды. Ал рұқсат қағазын жергілікті әкімдіктер беруі тиіс.

    Айта кетсек, бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов қазақстандықтарға Алматыға кіру және шығу үшін 72 сағат уақыт берілгенін айтты.

    Сондай-ақ оңтүстік астананың полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек карантин кезінде адамдардың қала ішінде жүріп-тұруы үшін ешқандай шектеулер болмайтынын мәлімдеді.

    Бұдан басқа, қала аумағында 27 бақылау өткізу пункті орнатылады, онда полицейлер мен дәрігерлер кезекшілік етеді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Алматы 22 наурыз күні толығымен жабылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.