jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанай облысында коронавирус індетінің алғашқы жағдайы тіркелді

    : UGC

    Бүгінге дейін коронавирус инфекциясы тіркелмеген еліміздің жалғыз өңірі Қостанай облысына бұл індет жетті. Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда қауіпті дертке шалдыққан жеті науқас анықталды. Осылайша, елімізде індетті жұқтырғандардың саны 460-қа жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

    3 сәуірдің 18.10 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелдi, Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам, Жамбыл облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 3 адам, Қостанай облысында - 1 адам.

    Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 93 адам, Қарағанды облысында - 22 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 20 адам, Жамбыл облысында - 8 адам, Шымкент қаласында - 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 18 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 19 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 460 науқас тіркелді.

    Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қауіпті дертке шалдыққан 11 науқастың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Қостанай облысында коронавирус індетінің алғашқы жағдайы тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.