jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қостанай облысында коронавирус жұқтырған алғашқы пациентке қатысты жаңа дерек шықты

    : Depositphotos

    Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев өңірде алғаш тіркелген коронавирус дерегіне қатысты мәліметпен бөлісті. Оның сөзінше, COVID-19 инфекциясы анықталған тұрғын 1991 жылғы азаматша деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

    Жүндібаевтың мәліметінше, 29 жастағы азаматша 23 наурыз күні "Шарм-эль-шейх-Алматы" рейсімен ұшып келген.

    Осыдан кейін азаматшадан және осы рейспен келген Қостанай облысының тағы 4 азаматынан коронавирусқа сынама алынған. Алайда алғашқы тексеріс кезінде олардан вирус анықталмаған.

    Осылайша тұрғындар Отар стансасынан пойызға отырып, үйлеріне бағыт алған.

    Алматы қаласы мамандарынан ақпарат түскен соң, Қостанай облысының жауапты органдары алгоритмге сәйкес шара қабылдаған.

    Өңірге келген соң аталған тұлғалар және олармен байланыста болған барлық жолаушылар мен жолсерік, барлығы 12 адам оқшауланған.

    Госпитализациялау кезінде алынған талдау теріс нәтиже көрсеткен. Дегенмен 12-ші күні қайтадан алынған талдау аталған азаматшада оң нәтиже, қалған адамдарда теріс нәтиже көрсеткен.

    Қазіргі уақытта эпидемияға қарсы тиісті шаралар қабылданып жатыр.

    Еске сала кетейік, бүгін Қостанай облысында алғаш рет COVID-19 инфекциясын жұқтырған алғашқы адам тіркелді.

    Осылайша елімізде, 3 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 460-қа жетіп отыр. Олардың 29 сауығып, (Нұр-Сұлтанда 16, Алматыда 13) ауруханадан шыққса, вирустан үш науқас қайтыс болды. Қайғылы жағдай Ақмола, Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Қостанай облысында коронавирус жұқтырған алғашқы пациентке қатысты жаңа дерек шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.