jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Семей қаласында 14 жастағы мектеп оқушысы коронавирус індетін жұқтырған

    : Original

    Семей қаласында 14 жастағы мектеп оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Онымен байланыста болған 51 адам анықталып, оқшауланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Еске сала кетсек, 5 сәуірдің 09.15 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелгенін, оның бірі Шығыс Қазақстан облысынының тұрғыны екенін жазған болатынбыз.

    Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, 2006 жылғы Семей қаласының тұрғыны 30 наурыздан бастап ауырған.

    Мектеп оқушысында құрғақ жөтел болып, дене қызуы 38°С дейін көтеріліпті.

    3 сәуір күні оған рентгенографиялық тексеру жүргізіліп, соның нәтижесінде сол жақты жоғарғы бөлікті инфильтративті пневмония екендігі анықталған.

    "4 сәуір күні пневмониямен ауыратын науқастарға мониторинг жүргізу жағдайы бойынша COVID-19-да тексерілді. Нәтижесі оң. Алгоритмді сақтай отырып, мамандандырылған стационарға ауыстырылды.Эпиданамнез бойынша науқас және оның жақын туыстары облыстан тыс жерлерге, басқа елдерге болмаған. Демалысқа шыққаннан кейін 13 наурыздан бастап үйден шықпаған", - деп мәлім етті ведомство басшысы.

    Қазіргі уақытта мектеп оқушысының жағдайы орташа дәрежеде. ⠀ Эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша науқаспен байланыста болған 51 адам анықталды. Олар толық оқшауланған.

    "Тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізілді. Іс-шаралар жалғасуда, қосымша ақпарат ұсынылады", - деді Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау департаментінің басшысы.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Семей қаласында 14 жастағы мектеп оқушысы коронавирус індетін жұқтырған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.