jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    23:00-ден кейін балконда ән салғандар енді жауапкершілікке тартылатын болады

    : UGC

    Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов бұдан былай балконда ән айтып, 23:00-ден кейін тыныштықты бұзғандардың жауапкершілікке тартылатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    23:00-ден кейін балконда ән салғандар енді жауапкершілікке тартылатын болады
    Фото: instagram.com/kris_p_almaty: UGC

    Сәденовтің мәліметінше, кешкі және түнгі уақытта тыныштықты бұзу көбейген.

    "Карантин кезінде үйде отыру қиын екенін түсінеміз. Сонда да сіздерден 23.00-ден кейін тыныштық сақтауды сұраймын. Мұның терезеден және балконнан ән айтуға да қатысы бар.
    Тыныштық бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертемін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сіздерден үйде болуларыңызды, заңға бағынуды және ресми ақпараттарға ғана сенуді өтінемін", - деді департамент басшысы.

    Сондай-ақ, Сәденов медициналық масканы тағып жүрудің маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, карантин режимінің нормасын сақтамай маска тақпаған адам жауапкершілікке тартылады.

    "Қазіргі кезде медициналық масканы тағу-тақпауға қатысты сұрақ көп. Масканы тағу керек. Өйткені, сіз вирустық инфекцияны тасымалдап немесе жұқтырып алуыңыз мүмкін.
    Егер адам ауырғанын біле тұра маска тақпаса, онда бұл қылмыстық жауапкершілік болатындығын ескертемін. Сол себепті полиция масканы міндетті түрде тағуға кеңес береді. Бұл - карантин режимінің нормасы", - дейді ол.

    Сонымен қатар департамент басшысы үйдегі балалардың қауіпсіздігіне аса назар аударуды сұрады.

    Оның айтуынша, Төтенше жағдай кезінде екі бала терезеден құлап, өкінішке қарай, оның бірі мерт болған.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

    23:00-ден кейін балконда ән салғандар енді жауапкершілікке тартылатын болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.