jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Коронавирустан Жамбыл облысында қайтыс болған науқас туралы тың дерек шықты

    : Twitter

    Жамбыл облысында коронавирус инфекциясынан көз жұмған науқас туралы мәліметтер жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Көрнекі фото: Fu Tian/China News Service via Getty Images
    Көрнекі фото: Fu Tian/China News Service via Getty Images: UGC

    Ведомство мәліметінше, 1959 жылғы ер адам Павлодар облысының тұрғыны болып шыққан. Ол алысқа қатынайтын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеді.

    Марқұмның 20 наурыз бен 18 сәуір аралығында Ресей, Беларусь, Польша, Чехия және Қырғыз Республикаларында болғаны анықталды.

    Алгоритмге сәйкес мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде одан коронавирус инфекциясына алынған зертханалық талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

    19 сәуір күні науқас дене қызуының жоғарлауына, қалтырау, әлсіздік пен құрғақ жөтелге қатысты шағымдарымен ауруханаға жатқызылған. Диагностика барысында, тыныс алу жеткіліксіздігі бар екі жақты полисегментарлы пневмонияның асқынуымен коронавирустық инфекция расталды.

    Облыс әкімінің дерегінше, емдеу шаралары мен науқасты бақылау Нұр-Сұлтан қаласындағы КВИ бойынша ахуалдық орталықтың мамандарымен онлайн режимде келісіліп отырған.

    Қосымша ауруларға байланысты 23 сәуірден бастап науқастың жағдайы нашарлай түскен.

    "Қосымша аурулары: жүрек зақымдалуымен гипертониялық ауру, созылмалы бронхит және 2 дәрежелі семіздік. Қарқынды емдеу шараларына қарамастан, көптеген мүшелер қызметінің жеткіліксіздігі белгілері жоғарылады", - делінген хабарламада.

    Марқұм 4 мамыр күні сағат 01.20-да көз жұмды.

    Еске сала кетсек, елімізде коронавирус инфекциясынан көз жұмғандардың саны 29-ға жетті. Соңғы өлім жағдайлары Жамбыл және Қарағанды облыстарында тіркелген.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Коронавирустан Жамбыл облысында қайтыс болған науқас туралы тың дерек шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.