jitsu gif
Денсаулық

    Елордада қашан кинотеатр, кафе, ойын сауық орталықтары ашылады

    : UGC

    Нұр-Сұлтан қаласының бас санитары Жанна Прәлиева 18 мамырдан бастап елордада қандай нысандар жұмыс істей бастайтынын және қандай мекемелерге әлі рұқсат етілмейтінін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

    Бұл туралы Прәлиева әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасындағы онлайн брифингте айтты.

    Бас санитардың сөзінше, 18 мамырдан қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына рұқсат етілмек. Оған 50 орынға дейінгі жобалық көлемдегі дәмханалар, мейрамханалар және даладағы жазғы дәмханалар кіреді.

    Сонымен қатар, балабақшалардағы кезекші топтардың, жеке сабақтар үшін балалардың коррекциялық кабинеттерінің жұмысы қарастырылғаны белгілі болды.

    Бас санитар карантин аясында жұмысына рұқсат етілмеген нысандардың тізімін де жариялады.

    "Тойларды, ауызашарларды ұйымдастыруға тыйым салынған. Сонымен қатар, ойын-сауық және спорттық, бұқаралық шараларды өткізуге рұқсат етілмеген", - деді Пралиева.

    Оның айтуынша, сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотетрлардың, театрлардың, көрмелердің, сондай-ақ адамдар көптеп жиналатын өзге де нысандардың жұмысына да тыйым салынған.

    "Сонымен қатар, бассейндерді, моншаларды, сауналарды, косметологиялық орталықтарды, фитнес-орталықтарды, тренажерлік залдарды, массаж салондарын, түнгі клубтар мен караокелерді, лаундж барлардың қызметін ашуға тыйым салынады", - деді бас санитар.

    Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігі елорда аумағына кімдердің кіріп шыға алатынын хабарлаған болатын.

    Соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 5689-ға жетті. Оның 1173-і елордада тіркелген.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.