jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Әбдіқалықова сенат депутатымен бірге денсаулық сақтау нысандарын аралады

    : Facebook

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұрат Мұхамедов Қызылорда қаласындағы бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады.

    Әбдіқалықова депутат Мұхамедовпен бірге денсаулық сақтау нысандарын аралады
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Facebook

    Алдымен облыс әкімі мен Сенат депутаты облыстық көпбейінді аурухананың жұмысымен танысып, індет жұқтырған азаматтардың палатасына кіріп жағдайын білді. Бүгінде ауруханада 525 төсек орны бар, одан бөлек инфекциялық науқастарға арналған қосымша 30 төсек орын әзірленген.

    Әбдіқалықова депутат Мұхамедовпен бірге денсаулық сақтау нысандарын аралады
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Facebook

    Облыс аумағында коронавирус инфекциясымен ауырғандарды және қарым-қатынаста болғандарды бақылау мақсатында эпид маусым басында барлығы 760 төсек орын ашылған болатын.

    Бүгінгі күні эпидемиологиялық ахуалға байланысты 2410 төсек-орынына дейін көбейтілді. Оның ішінде инфекциялық төсек саны 620 орынды құраса, провизорлық төсек орын саны - 1 790.

    Әбдіқалықова депутат Мұхамедовпен бірге денсаулық сақтау нысандарын аралады
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Instagram

    Бүгінгі күні облыс бойынша 64 ИВЛ аппараты істеп тұр.Оның 6 - облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында. Бірақ бұл жеткіліксіз. Осы орайда, кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсетіліп, қосымша 13 аппарат жеткізілген.

    Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 63 ИВЛ аппаратына өтінім берілді. Сондай-ақ, жуырда жергілікті кәсіпкерлер қосымша 32 оттегі концентраторын жеткізді. Оның 15 данасы аудандарға, 10 данасы облыстық жұқпалы аурулар және 7 қалалық ауруханаларына жөнелтілді.

    Әбдіқалықова депутат Мұхамедовпен бірге денсаулық сақтау нысандарын аралады
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Instagram

    Мұнан соң Гүлшара Әбдіқалықова мен Мұрат Бахтиярұлы «Зерде» дәріханасына барды. «Зерде» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қызылорда қаласында 3 дәріханасы бар. Аталған дәріханаларға аптасына екі мәрте қажетті дәрі-дәрмек жеткізіліп, толықтырылып отырады.

    Дәріханалар желісіне халық көп іздеп жүрген «Эуффелин», «С» витамині, «сумамед», «Ципролет», «В» витаминдер кешені «Милгамма», «Ремаберин», «Полиоксидоний», «Офло», т.б. дәрілік заттар келіп түсті.

    Әбдіқалықова депутат Мұхамедовпен бірге денсаулық сақтау нысандарын аралады
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Facebook

    Еске салайық, 8 шілдеден бастап Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен өзге де құзырлы органдардан, қоғам белсенділерінен құрылған мониторингтік топ жұмыс істеуде. Олар осы күнге дейін 8 емхана, 50-ден аса дәріхана мен СҚ «Фармация» ЖШС дәрілік қоймасына мониторинг жүргізді.

    Одан кейін, өңір басшысы мен Сенат депутаты облыстық жұқпалы аурулар, қалалық ауруханаларының және №6 емхананың жұмыстарымен танысты. Науқастарға амбулаторлы жағдайда медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында және динамикалық бақылауды қажет ететін науқастарды үй жағдайында бақылау үшін 6-шы емхана жанынан мобильді топ жұмыс жасауда.

    Әбдіқалықова депутат Мұхамедовпен бірге денсаулық сақтау нысандарын аралады
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Facebook

    Жалпы облыс бойынша 125 мобильді топ бар. Оның 33 қалада, 28 аудан орталықтарында және 64 елді мекендерде халыққа қызмет көрсетуде. Мобильді топ құрамына 1 дәрігер, 1 орта буын қызметкері және 1 жүргізуші кіреді.

    Әбдіқалықова депутат Мұхамедовпен бірге денсаулық сақтау нысандарын аралады
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Facebook

    Одан бөлек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен ағымдағы жылдың 13 шілдесінен бастап пневмония диагнозы қойылып, амбулаторлы емді қажет ететін науқастарға «Үй жағдайындағы стационар» қызметі қосылды.

    Әбдіқалықова сенат депутатымен бірге денсаулық сақтау нысандарын аралады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.