jitsu gif
Денсаулық

    АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы ресейлік вакцинаға күмән келтірді

    Екпе
    Көрнекі фото: pixabay.com

    АҚШ Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фауки Ресей Федерациясының ДСМ-де тіркеуден өткен жаңа коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде сөз қозғады деп жазады KAZ.NUR.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.

    Америка Құрама Штаттарындағы жұқпалы аурулар жөніндегі бас маман ресейлік әріптестерінің вакцинаны дұрыс растағанына күмән келтірді.

    "Мен ресейлік мамандар бұл вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін нақты растады деп үміттенемін. Десе де олардың бұлай жасағанына күмәнім бар.
    Вакцинаны жасау және оның қауіпсіздігі мен тиімділігін растау - бұл екі түрлі нәрсе, біз алты және одан да көп вакцинамен жұмыс жасаймыз. Егер біз тәуекел етіп, көптеген адамға көмектеспейтін дүниені жасағымыз келсе, келесі аптада-ақ іске кірісер едік. Алайда бұл олай жұмыс істемейді", - деді Фауки АҚШ-тың сертификаттау процесі туралы сөз қозғап.

    Естеріңізге сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путин үкіметпен кездесу барысында әлемде коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина Ресей Федерациясында тіркелгенін хабарлаған еді.

    Оған қоса, Ресей президенті Владимир Путин қызының коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғанын мәлімдеген болатын. Ресей басшысының қыздарының бірі коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу экспериментіне қатысқан.

    Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны қолдануға қарсы көрсетімдер жарияланған еді.

    Вакцинация 18 жастан 60 жасқа дейінгі азаматтарға рұқсат етілген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.