jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда тағы 73 адамнан коронавирус анықталды

    коронавирус тест 123
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Елімізде өткен тәулікте тағы 73 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

    Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте 73 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны белгілі болды.

    Атап айтқанда, аймақтар бойынша:

    Нұр-Сұлтан қаласында - 19,

    Алматы қаласында - 4,

    Шымкент қаласында - 1,

    Ақмола облысында - 4,

    Ақтөбе облысында - 1,

    Алматы облысында - 1,

    Атырау облысында - 6,

    Шығыс Қазақстан облысында - 16,

    Жамбыл облысында - 1,

    Батыс Қазақстан облысында - 3,

    Қарағанды облысында - 6,

    Қостанай облысында - 2,

    Павлодар облысында - 3,

    Солтүстік Қазақстан облысында - 5,

    Түркістан облысында - 1 жаңа науқас тіркелді.

    Жалпы, республика бойынша індетке шалдыққандар саны 106 498 адамға жеткен.

    Сондай-ақ 31 тамыз және 6 қыркүйек аралығында Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан 46 адамның көз жұмғаны белгілі болды.

    Жалпы ел бойынша коронавирустан бүгінге дейін барлығы 1634 адам қайтыс болған.

    Сонымен қатар, 239 адамның аталмыш індеттен жазылып шыққаны хабарланды. Осылайша қазір Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 99 893-ке жетіп отыр.

    Ал әлемдегі жағдайға келсек, Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша дүние жүзінде екінші орынға шыққан.

    Айта кетейік, Үндістан COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша бұған дейін екінші орында тұрған Бразилияны басып озды.

    Қазақстанда тағы 73 адамнан коронавирус анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.