jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Елімізде тағы 76 адамнан коронавирус анықталды

    ПТР тестілеу ковид1
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Қазақстанда соңғы тәулікте 76 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

    Соңғы деректерге сәйкес, елімізде өткен тәулікте 76 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып отыр.

    Атап айтқанда, аймақтар бойынша:

    Нұр-Сұлтан қаласында - 20,

    Алматы қаласында - 3,

    Ақмола облысында - 2,

    Ақтөбе облысында - 1,

    Алматы облысында - 3,

    Атырау облысында - 5,

    Шығыс Қазақстан облысында - 28,

    Батыс Қазақстан облысында - 2,

    Қарағанды облысында - 4,

    Қостанай облысында - 2,

    Қызылорда облысында - 1,

    Солтүстік Қазақстан облысында - 5 жаңа науқас тіркелді.

    Жалпы республика бойынша COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 107 450 адамға жетті.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы көпбейінді медициналық орталығының дәрігер-инфекционисі Эльмира Әбішева COVID-19 бен тұмаудың айырмашылығы жайлы және олардан қалай сақтануға болатынын айтып берген еді.

    Дәрігер науқастың коронавирусқа қарағанда тұмаудан тезірек жазылатынын алға тартты. Пациент небәрі бірнеше күннің ішінде сауығып шығуы мүмкін. Ал COVID-19 инфекциясы кезінде адам күн өткен сайын әлсірей береді.

    Сондай-ақ бұған дейін ресейлік диетолог-дәрігер әрі аллерголог-иммунолог Марина Аплетаева күзде ауырмау үшін қандай дәрумендер бар тағамдарды пайдалану керектігін айтқан еді.

    Маманның айтуынша, маусымдық аурулардан қорғануда адам ағзасы үшін бета-каротиннің рөлі ерекше.

    Елімізде тағы 76 адамнан коронавирус анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.