jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Коронавирусқа қарсы қытайлық вакцина жыл соңына дейін сатылымға түсуі мүмкін

    тест сынамасы 1
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    COVID-19 індетіне қарсы белсенді емес қытайлық вакцина жыл соңына дейін сатылымға түсуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

    Бұл туралы ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің үгіт-насихат бөлімі мәлім етті.

    "Қазіргі уақытта Қытайда вакциналарды зерттеу мен жасап шығару процесі сәтті өтуде. Төрт вакцина шетелде клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінен өткізілу үшін мақұлданды. Бұл әлемде өткізіліп жатқан клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінің жалпы санынан 44 пайызды құрайды", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

    Белгілі болғандай, бірқатар вакциналар клиникалық сынақтардың бірінші және екінші кезеңіне рұқсат алған. Олардың кейбірі зерттеулердің екінші кезеңінен өтіп қойған, сондай-ақ басқа да вакциналарды зерттеу және жасап шығару жұмыстары сәтті өтіп жатыр.

    "Егер барлығы жақсы өтсе, қытайлық белсенді емес вакцина осы жылдың соңына дейін сатылымға шығарылуы мүмкін", – деп мәлімдеді Қытайдың мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті.

    Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, әлем елдерінде коронавирустан қайтыс болған адамдардың саны миллионнан асты.

    Worldometers онлайн-дайджестінің мәліметтері бойынша, 28 қыркүйек күні таңертеңгі жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны әлемде 33,3 миллион адамды құрады, ал 24,6 миллион адам қауіпті аурудан айығып шықты.

    Ал Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, 27 қыркүйекте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 52 науқас тіркелді.

    Коронавирусқа қарсы қытайлық вакцина жыл соңына дейін сатылымға түсуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.