jitsu gif
Денсаулық

    СҚО: соңғы тәулікте тұмаудан 85 құс қырылды

    СКО
    Фото: Хабар 24

    Солтүстік Қазақстан облысында соңғы тәулікте 85 бас құс өлген. Карантинге жабылған 29 ауылда эпизоотияға қарсы жасақ мамандары өлекселерді өртеп, залалсыздандыру жұмыстарымен айналысып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

    Қауіпті індет анықталған ошақтардан 20-25 шақырым аумақта үй құстарына екпе салынуда. Бүгінге дейін шамамен 336 мыңнан астам вакцина егілді. Ал 8 ауылда құстардан алынған патологиялық материал елордаға сараптамаға жіберілді. Оның нәтижесі 1-2 күнде белгілі болады.

    "Қырылып жатқан қанаттылар саны күннен күнге азаюда. Мысалы, 29 қыркүйекте 395 бас құс өлсе, бүгін ол 85-ке дейін төмендеді. Соңғы 3-4 күн қорытындысы бойынша жағдай тұрақтала бастады. Ал жалпы осы тұмау басталғалы өңірде 200 мыңнан астам құс өлді. Оның 16 мыңы жеке үйлердікі",- деді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

    Айта кетейік, еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда карантиннің қатаңдатылуы мүмкін екенін айтты.

    ОКҚ өткен онлайн-брифинте журналистер ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін карантин қатаңдатыла ма әлде жеңілдетіле ме деген сауал қойды.

    "Аталған кезеңде жеңілдеу болмайды. Мен айтқан рейстер мен шекарадан өтуге қатысты жеке шаралар көрсетіледі", - деді министрлік басшысы.

    Алексей Цойдың сөзінше, ол карантиннің қатаңдатылуы - қазақстандықтардың санитарлық нормаларды сақтауына байланысты екенін бірнеше рет айтқан.

    СҚО: соңғы тәулікте тұмаудан 85 құс қырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.