jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда белгілі екі сауда ойын-сауық орталығына айыппұл салынды

    сауда орталығы 165
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Алматы бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін екі сауда ойын-сауық орталығының басшылығына айыппұл салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Олардың бірі Алмалы ауданында М.Мақатаев көшесінде орналасқан "MEGA Park" сауда ойын-сауық орталығына 2 222 400 теңге көлемінде айыппұл салынса, Бостандық ауданында Розыбакиев көшесінде орналасқан "MEGA Alma-Ata" сауда ойын-сауық орталығына 2 222 400 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді департаменттен.

    Одан бөлек, 29 қазанда мониторинг топтары 73 тексеру жүргізген. 18 нысанда заңбұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, маска режимін бұзғаны үшін 15 әкімшілік хаттама толтырылып, 625 050 теңге көлемінде айыппұл салынды.

    Алатау ауданында бірқатар қызмет көрсету орындары, сән салоны, дүкендер, автожуу орындарында санитайзерлер жоқ болып шықты. Алмалы ауданында "Easy Lounge" кальян орталығы мен "Infinity" түнгі клубының жұмысына уақытша тыйым салынды. М.Әуезов ауданында "Мотор" бары, Райымбек даңғылындағы 496а/7 мекенжайындағы "Оптовый химикат" ғимаратында қызметкерлер маска тақпаған. Түрксіб ауданында "Сенсазия" кафесінде банкет болған.

    Наурызбай ауданында "Іңкәр сезім" дүкенінде маска режимі бұзылған. Жетісу ауданында "Ялян" және "Ялян-2", "Байсат" базарларында санитайзерлер, қызметкерлері мен келушілерде маска болмаған.

    Бас санитар дәрігердің қаулысындағы шарттарды бұзған кәсіпкерлер ҚР ӘқбК 425-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 392 адамнан коронавирус анықталды.

    Сондай-ақ елде өз "клиенттеріне" коронавирус инфекциясынан сақтандыруды ұсынатын алаяқтар белсенді бола бастаған.

    Алматыда белгілі екі сауда ойын-сауық орталығына айыппұл салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.