jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Коронавирусты кімдер аз жұқтырады

    Көзілдірік таққан адам
    Көрнекі фото: Илья Питалев/РИА Новости

    Зерттеушілер көзілдірік тағатын адамдарда коронавирус жұқтыруы мүмкіндігі аз екенін айтады. Биология ғылымдарының докторы, НМУ Бионанотехнология, Микробиология және вирусология зертханасының меңгерушісі Сергей Нетесовтің сөзінше, бұл қорытындыны Қытай ғалымдары жасаған деп хабарлайды Российская газета.

    Нетесовтың сөзінше, зерттеу бойынша Қытайда көзілдірік тағатын адамдар коронавирусты бес есе аз жұқтырған.

    "Қытайда мұндай жағдайлар көп, өйткені линза аз тағады, бірақ көзі нашар көретін адамдар көп. 80 пайыздан көбі көзілдірік тағады. Ал науқастардың ішінде 10 пайызы ғана көзілдірік тағатындар болды", - дейді ол.

    Одан бөлек, маман маска тағу керегін еске салды.

    Айтуынша, коронавирусты тасымалдаушы мұрын мен көздің шырышы. Сондықтан, мұрыңды жаппаса, маска таққанынан пайда жоқ. Дәм сезудің жоғалуы коронавирус тыныс алу жолы арқылы жұққанын білдіреді екен. Бұл- ең көп тараған түрі.

    "Маскалардың тиімділігі туралы көптеген қарама - қайшы пікірлер жарияланды. Бір зерттеудің алғашқы қорытындылары ауру жұқтырғандардың 85 пайызы масканы үнемі немесе жиі тағатынын көрсетті. Алайда осы 85 пайыздың жартысы отбасы мүшелерінен жұқтырған. Үйде олар, әрине, маска таққан жоқ", - дейді Сергей Нетесов.

    Ғалымның айтуынша, масканы әсіресе қариялар міндетті түрде тағуы керек.

    Айта кетейік, Кембридж университетінің ғалымдар тобы коронавируспен ауырған кемінде әр жүзінші науқастың соңында инсульт алатынын анықтаған еді.

    Ғылыми зерттеудің нәтижелері International Journal of Stroke басылымында жарияланды.

    Ал Еуропадағы коронавирус инфекциясын жаңа жұқтыру жағдайларының 80%-ына мутацияланған коронавирус себеп болып отыр.

    Коронавирусты кімдер аз жұқтырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.