jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Коронавирустың екінші толқыны қандай болады: Пульмонолог болжам жасады

    Коронавирус
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Пульмонолог-дәрігер, республикалық аймақаралық пульмонологиялық комиссияның төрағасы Константин Гаркалов Facebook-тегі Медициналық сақтандыру қорының парақшасында коронавирустың екінші толқыны қандай болатынына болжам жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Маман Қазақстанда коронавирус маусым айындағыдай қарқынды бола қоймауы мүмкін деген пікірде.

    "Бізде 2020 жылдың маусым-шілдесіндегідей екінші толқын болмайды деп ойлаймын. Себебі, ол кезде (жазда - ред.) тым көп адам ауырған. Ресми статистика бар екені түсінікті, бірақ бұл статистикаға кірмеген науқастар өте көп, өйткені олар дәрігерлерге бармаған. Сондай-ақ, алғашында ПТР нәтижесі теріс болғандар есепке алынбады. Сондықтан, біраз өсім болғанымен, маусым-шілдедегідей қарқынды таралу болмауы керек деп ойлаймын", - деді ол.

    Сонымен қатар, Гаркалов вирусологтардың бір уақытта екі үлкен инфекция қатар жүрмейді деген ұстанымына ерекше назар аударды.

    "Өткен жылы коронавирус тұмауды ысырып шығарды. Тұмау әдеттегіден әлдеқайда аз болды. Бірақ коронавирус өршіп тұрды. Ал биыл тұмау коронавирусты ысырып тастайды деп үміттенемін", - деп түсіндірді дәрігер.

    Оның айтуынша, вирусологтар 2021 жылдың көктемінде адамдар арасында жаппай иммунитет дамып, вакциналар пайда болғаннан кейін маска тағудан алшақтайды деп болжам жасап отыр.

    Ол Қытайды мысалға келтірді. Мұнда АҚШ-қа қарағанда адамдар көп болғанына қарамастан, маска тағудың және қатаң дезинфекциялаудың арқасында оларда жұқтыру мен қаза табу көрсеткіштері әлдеқайда төмен.

    Еске салсақ, бұған дейін біз әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 50 миллионнан асып кеткенін жазған едік.

    Одан бөлек, елімізде тәулік ішінде 610 адам коронавирус жұқтырып үлгергенін жазған болатынбыз.

    Коронавирустың екінші толқыны қандай болады: Пульмонолог болжам жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.