jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға кальян шегуге тыйым салды

    кальян шеккен қыз
    Көрнекі фото: b-hookah.ru

    Елімізде қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салынды. Бұл туралы Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің коронавирус таралуын алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулыда айтылған.

    «Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салуды қамтамасыз етсін», - делінген қаулы мәтінінде.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов елімізде коронавирустың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулыларға қол қойғаны туралы хабарлаған едік.

    Жаңа қаулыға сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынады.

    Сонымен қатар, қай уақыттан бастап мектеп оқушылары мен студенттердің бір бөлігіне штаттық жағдайда білім алуына рұқсат етілетіні туралы белгілі болды.

    Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.

    Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға кальян шегуге тыйым салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.