jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде фитнес, спорт кешендері қызметіне қандай талаптар қойылды

    фитнес
    Көрнекі фото: inbusiness.kz

    Карантин шараларын күшейту туралы бас санитардың жаңа қаулысында фитнес, спорт кешендері қызметін көрсету бойынша объектілердің қызметіне қойылатын талаптар айқылдалған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Қаулы мәтініне сәйкес, спорттық жаттығуларды өткізу кезіндегіні қоспағанда келушілердің киім ауыстыратын орынға дейін міндетті түрде маска кию керек.

    Сонымен қатар, жаттығу залында алдын ала жазу арқылы бір адамға 5 ш. м. есебінен жаттықтырушылардың санын шектей отырып, топтық сабақтар өткізуге жол беріледі.

    Тренажер залдарында кемінде 2 м әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете отырып, жабдықты орналастыру және оған қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

    Киім ауыстыратын орындардағы келушілерге арналған жеке шкафтарды әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жалпы санының 50% - нан асырмай пайдалануды, персоналдың келушілерді бөлуін үйлестіруді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

    Сондай-ақ желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов елімізде коронавирустың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулыларға қол қойғаны туралы хабарлаған едік.

    Елімізде фитнес, спорт кешендері қызметіне қандай талаптар қойылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.