jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Күйеуі коронавирустан қайтыс болған келіншек оның соңғы хатын жария етті

    Коронавирус
    Көрнекі фото: today.kz

    АҚШ-тың Техас штатының тұрғыны COVID-19 жұқтырып, қайтыс болған күйеуінің соңғы хатын жария етті. Ол бұл хатты жан жарынан электронды пошта арқылы алған екен деп жазады lenta.ru.

    45 жастағы адвокат Билли Лоредо коронавируспен 16 қарашадан бастап ауырған. Туыстары оның дертті жұмыстан жұқтырып алғанына сенімді. 25 қарашада ер адамның тыныс алуы қиындап, жақын маңдағы ауруханаға жеткізіледі.

    Биллимен 21 жыл некеде тұрған әйелі Соня Кипуростың айтуынша, ол екі апта бойы аурумен күресіп, жасанды желдету аппаратынсыз дертті еңсеруге тырысқан. Алайда, Лоредоның жағдайы нашарлай береді.

    Ол әйелімен қоштасып, жағдайы нашарлаған сәтінде соңғы хатын жазады.

    "Мен өмір сүру үшін күн сайын және бар күшіммен күресетінімді білгеніңді қалаймын. Мен сені қайта көру үшін күресудемін. Сен менің өмірімдегі ең маңызды адамсың, мен сені күн сайын сағынамын", - деп хатын бастаған Билли.

    Ол жарына мінсіз күйеу болуға тырысып келгенін, алайда мұнысы қашан да қолынан келе бермегенін айтып, ағынан жарылған.

    "Ал сен мен үшін әрдайым мінсіз болатынсың, тіпті мен сөзге келіп, саған ашуланған сәтімде де мінсіз болдың. 99 пайыз жағдайда сенің сөзің дұрыс болып шығатыны маған ұнайтын. Егер мен ауруды еңсере алмасам, сенімен керемет, бақытты өмір сүргенімді және бұл сәттерді ешқашан әлемнің барлық байлығын ұсынса да алмастырмайтынымды білгеніңді қалаймын”, - деп хатын жалғастырды ол.

    Лоредо әйелінен қайтыс болғаннан кейін бақытты өмір сүруін және ештеңеге өкінбеуін сұрады.

    "Мен сені жақсы көремін және сені қатты сағындым. Мен күресуді жалғастырамын. Сүйіспеншілікпен, Билли", - деп хатын аяқтады азамат.

    Лоредо 13 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 12: 00-де жаңа коронавирус инфекциясынан туындаған асқынулардан қайтыс болды.

    Күйеуі коронавирустан қайтыс болған келіншек оның соңғы хатын жария етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.