jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Өткен тәулікте елімізде 766 адамнан коронавирус анықталды

    Дәрігерлер
    Көрнекі фото: Getty Images

    Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 766 адам тіркелді. Олардың көбі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

    Аймақтар бойынша:

    Нұр-Сұлтан қаласы - 114

    Алматы қаласы - 111

    Шымкент қаласы - 11

    Ақмола облысы - 63

    Ақтөбе облысы - 1

    Алматы облысы - 61

    Атырау облысы - 73

    Шығыс Қазақстан облысы - 37

    Жамбыл облысы - 10

    Батыс Қазақстан облысы - 43

    Қарағанды облысы - 39

    Қостанай облысы - 75

    Қызылорда облысы - 3

    Маңғыстау облысы - 15

    Павлодар облысы - 48

    Солтүстік Қазақстан облысы - 54

    Түркістан облысы - 8

    Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 164 477-ге жетіп отыр.

    Сонымен қатар өткен тәулікте 584 адам індеттен жазылып шыққан.

    Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, бүгінде жалпы ел бойынша 23 524 адам короновирустан емделуде.

    Олардың ішінде 5 732 пациент стационарда, 17 792 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 267 адамның жағдайы ауыр, 58 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

    Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 11 қаңтардағы мәлімет бойынша аталмыш диганоз 124 адамда расталып, 4 жағдай өліммен аяқталған. 173 адам жазылып шыққан.

    2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін коронавирус белгілері бар пневмониямен 46 499 адам ауырып, 530 науқас қайтыс болған. 34 118 адам жазылып шыққан.

    Өткен тәулікте елімізде 766 адамнан коронавирус анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.