jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда карантин күшейтілмейді: Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды

    Бетперде таққан адамдар
    Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Алматыда бұған дейін жарияланған карантинді күшейту туралы қаулының күші жойылды - қаланың бас санитарлық дәрігері қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жаңа қаулыны жария етті.

    Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің қызметі сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін шектеледі. Ал жексенбі күндері жабық болуы тиіс.

    Жеке тұрған және ірі сауда объектілерінде орналасқан азық-түлік супермаркеттерінің, азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат.

    Қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін, шоттар бойынша төлемді 22:00-ге дейін жапқан жағдайда және ұжымдық іс-шаралар өткізбей жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Олардың толтырылуы 50 пайызға дейін және 50 орыннан артық емес болуы керек. Әр үстел үшін отыратын орынның саны 4-тен аспауы керек.

    Ашық базарларға жұмыс күндері және демалыс күндері, жабық базарларға - жексенбіден басқа барлық күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне де рұқсат етілген. Тек келушілерге залды толтыру деңгейі 20% -дан аспауы тиіс.

    Сауналар, СПА-орталықтар мен бассейндер сағат 06: 00-ден 21: 00-ге дейін, дүйсенбіден сенбіге дейін жұмыс істей алады (сенбіні қоса алғанда), моншалардың жұмыс уақытына шектеу қойылмайды. Қоғамдық көліктер де уақыты шектелместен жұмыс істейтін болады.

    Сондай-ақ, жаңа ережелерге сәйкес COVID-19 дертінің жеңіл және орташа түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады. Бұл үйде карантинді сақтау шарты қойылмаған жағдайда, симптомсыз науқастарға да қатысты.

    Қаулы 1 ақпанда, яғни бүгіннен бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз.

    Алматыда карантин күшейтілмейді: Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.