jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Қызылорда облысы әкімінің орынбасары "Спутник V" вакцинасын салдырды

    Вакцина
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Бүгін Қызылорда облысында COVID-19-ға қарсы вакцинация басталды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет «Спутник V» вакцинасын аймақта бірінші болып салдырды.

    Бүгін таңертең облысқа «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы келді. Жалпы жыл ішінде 80 мың доза кезең кезеңімен әкелінеді. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға салынады. 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқар қарияларға екпе салынбайды.

    Вакцина
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Бүгінде облыс бойынша 14 егу кабинеті белгіленді. Бұдан бөлек, шалғай елді мекенде тұратын азаматтарға вакцина салу үшін 46 жылжымалы егу бригадасы ұйымдастырылды.

    Қазір облыс «жасыл» аймақта. Эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Күрделенген жағдайда 8 стационар, 61 алғашқы медициналық-санитарлық мекеме жұмылдырылатын болады. 54 фильтр кабинеті, қосымша 79 телефон шақырулар мен консультациялар үшін жұмыс істейді.

    Сондай-ақ, үй жағдайында қызмет көрсету үшін қосымша 81 автокөлік қарастырылған.

    Қызылорда облысы әкімінің орынбасары "Спутник V" вакцинасын салдырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.