jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Талдықорғанда COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған медбике есінен танып қалды

    Медбике
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Талдықорғанда коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" препаратын салдырған медбике есінен танып қалды. Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты растап, толығырақ мәлімет берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ведомствоның дерегінше, 2 ақпанда Талдықорғанда "Спутник V" вакцинасын салдырған облыстық аурухана қызметкерінің қан қысымы 100-ден 140-қа дейін көтерілген.

    Медицина қызметкеріне көмек көрсетіліп, қан қысымы қалпына келген. Мұның екпе салдырғаннан кейін болғанын ескеріп, оқиға орнына жедел жәрдемді шақырған.

    Пациент Талдықорған қалалық ауруханасына жеткізіліп, бір сағаттай бақылауда болған. Денсаулық жағдайы қалыпқа келіп, ауруханаға жатқызу қажеттілігі болмағандықтан, ол күндізгі 12-де жұмысына жіберілген.

    "Қан қысымының жоғарылауы медицина қызметкерінің қобалжуымен байланысты болды. Қазіргі уақытта ол жұмысқа кірісті, хал-жайы мен жағдайы қанағаттанарлық", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.

    Сонымен қатар ведомство осы жайттан кейін №2 қалалық емхананың қызметкерлері вакцинациядан жаппай бас тарта бастады және оларды жұмыстан шығарамыз деп қорқытты деген ақпартты жоққа шығарды.

    "COVID-19-ға қарсы вакцинациядан бас тартуға байланысты қызметкерлерді жұмыстан шығарамыз деген қорқытулар болған жоқ. Жіберілген медицина қызметкерлерінің ешқайсысы (қарсы көрсетілімдері жоқ) вакцинаны қабылдаудан бас тартқан жоқ. Вакцинация бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі", - дейді өңірлік денсаулық сақтау басқармасы.

    Талдықорғанда COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған медбике есінен танып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.