jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Мұсылмандарға вакцина салдыруға бола ма: Діни басқарма жауап берді

    Фото
    Көрнекі фото: NUR.KZ

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы вакцина салуға қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды muftyat.kz.

    "Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сол себепті әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі керек. Алла Тағала "Бақара" сүресінің 195-аятында: "Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар" деп бұйырған. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты" деген", - делінген хабарламада.

    Діни басқарма кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс екенін жеткізді.

    "Арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирустың алдын алу үшін вакцинациялау адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтуда. Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі", - деп атап өтті діни мүфтият.

    Бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакцина халал ма деген сұраққа жауап берді.

    Айтуынша, қазір көптеген ислам елінде вакциналау жүріп жатыр. Вакцина күрделі жағдайда жасалып жатыр, сол себепті оған сұраныс пен қажеттілік те жоғары. Сол себепті қазіргі уақытта вакцинаның халал, не халал еместігі қаралып жатқан жоқ.

    Еске сала кетсек, 1 ақпанда елімізде коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын салу науқаны басталды.

    Мұсылмандарға вакцина салдыруға бола ма: Діни басқарма жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.