jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қателесті": Медқызметкерге COVID-ке қарсы вакцинаның 5 еселенген мөлшері салынған

    Екпе
    Көрнекі фото: pexels.com

    Сингапурдағы медициналық мекемелердің бірінің қызметкеріне қателесіп, коронавирусқа қарсы Pfizer - BioNTech вакцинасының бес еселенген мөлшері салынған деп хабарлайды ТАСС.

    Абырой болғанда, вакцинаны шектен тыс мөлшерде қабылдаған қызметкердің жағдайы жақсы деп бағалануда.

    Оқыс жағдай Ұлттық офтальмологиялық орталықта 14 қаңтар күні болған, алайда бұл туралы тек сенбі яғни 6 ақпанда көпшілікке жария болып отыр.

    "Қателік кеткені вакцина салынғаннан кейін бірден анықталды, содан кейін орталық қызметкері дереу ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

    "Кері әсерлер анықталған жоқ. Қызметтік тергеу көрсеткендей, бұл оқиға вакцинацияға қатысқан персоналдың келісілмеген әрекеттерінің салдарынан пайда болған адами қателіктерден болған", - деп қосты медициналық мекеме.

    Коронавирусқа қарсы вакцинация Сингапурда өткен жылдың соңында басталды.

    Алғаш болып Pfizer - BioNTech вакцинасын медициналық қызметкерлер қабылдады, содан кейін премьер-министр Ли Сянь Лун бастаған үкімет мүшелері, сондай-ақ тәуекел тобындағы азаматтар да вакцина салдыруда.

    Халыққа вакцина егу 27 қаңтарда басталды. Тұрғындардың көпшілігі осы жылдың үшінші тоқсанына дейін вакцина ала алады деп күтілуде.

    Сондай-ақ билік вакцинаның кері әсерлері анықталған жағдайда зардап шегушіге 10 000 сингапур долларын (7,5 мың доллар) төлеуге уәде берді.

    Ал егер зардап шегуші вакцинадан қайтыс болса немесе алдағы өміріне әсер ететін ауыр асқынулар болса, үкімет 225 мың сингапур долларын (169 мың доллар) төлейді.

    "Қателесті": Медқызметкерге COVID-ке қарсы вакцинаның 5 еселенген мөлшері салынған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.