jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Елорда кафесінде сауық құрған 300-ге жуық адам анықталды

    жастар
    Фото: astana.gov.kz

    Карантиндік шектеулердің бұзылғанын анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мониторингтік топтар елордада күшейтілген режимде жұмыс істеуін жалғастырып жатыр деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

    14 наурызда түнгі сағат 02.00-де белгіленген жұмыс режимін бұзған елордалық барлардың бірінде бір уақытта 300-ге жуық адам сауық құрған.

    Елорданың сол жағалауында орналасқан "Bla Bla Bar" карантиндік шектеулерге қарамастан, түн ортасынан кейін де жұмыс істеді. Оқиға орнына келген мониторинг тобы мекемеде 300-ге жуық адамның болғанын анықтады. Келушілер әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтамады. Материал ҚР ӘҚБтК 425-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қабылдау үшін "Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ-ге жіберілді. Сондай-ақ, Есіл ауданында жұмыс режимін бұзған "Zima" барының басшылығы да жауапқа тартылды.

    Алматы ауданында өткен тәулікте мониторингтік топ карантиндік шектеулерді бұзған 3 мекемені - "Достар" компьютерлік клубын, "Мэнсон" және "Жаным сол" караоке-клубтарын анықтады.

    Сарыарқа ауданында "Тамшы" саунасы елорданың бас санитарлық дәрігерінің шектеу шаралары туралы қаулысын бұза отырып, 00:00-ден кейін жұмысын жалғастырды. Карантинді сақтамағаны үшін "Қазығұрт" кафесі де, Байқоңыр ауданындағы “Mezzo караоке” залы да жауапкершілікке тартылды.

    Естеріңізге сала кетейік, 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл аймаққа" енді. Карантиндік шектеулердің бұзылғанын анықтау және болдырмау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

    Елорда кафесінде сауық құрған 300-ге жуық адам анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.