Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша антирекордты жаңартты
Жарияланған күні:

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша соңғы мәліметтер жарияланды. Дертті жұқтырудың барлығы 2122 жағдайы анықталды, бұл пандемия басталғалы бері тіркеліп отырған антирекорд. Деректер Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram-каналында жарияланды.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2122 жағдайы тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 251 053 жетіп отыр.
Оның ішінде өңірлер бойынша:
Алматы қаласында - 35631 (+438),
Нұр-Сұлтан қаласында – 32180 (+647),
Шығыс Қазақстан облысында - 22963 (+42),
Павлодар облысында - 19179 (+31),
Атырау облысында - 18940 (+110),
Қарағанды облысында - 17980 (+85),
Ақмола облысында – 15468 (+48),
Батыс Қазақстан облысында – 15362 (+112),
Қостанай облысында - 13892 (+35),
Солтүстік Қазақстан облысында - 13086 (+17),
Алматы облысында - 14195 (+258),
Шымкент қаласында -7018 (+66),
Жамбыл облысында – 6464 (+23),
Ақтөбе облысында - 5586 (+137),
Түркістан облысында – 4531 (+16),
Маңғыстау облысында - 4475 (+25),
Қызылорда облысында - 4103 (+32).
Еске салсақ, бұған дейін алматылықтар қандай сауда орталықтарында коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алатыны туралы жазған едік.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалада 56 екпе егу кабинеті барын хабарлады. Оның 16-ы жекеменшік болса, қалғаны мемлекетке тиесілі.
Ол вакцина салдыру таңғы 8-ден басталатынын, алдын ала антидененің бар-жоғын анықтаудың қажеті жоқ екенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/coronavirus/1906091-qazaqstan-koronavirustyn-taraluy-boiynsa-antirekordty-zanartty/