jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Нұр-Сұлтанда карантин шаралары өзгерді: бас санитар дәрігер жаңа қаулыға қол қойды

    Газет оқып отырған адам
    Көрнекі фото: NUR.KZ

    Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтында қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы пайда болды. Онда кейбір шектеулерді күшейту көзделген.

    Кейбір талаптар өзгеріссіз қалады.

    Олардың ішінде – кинотеатрлардың, боулинг орталықтарының, балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салу; сауда және ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, қоғамдық тамақтандырудың, сауналардың, курорттық орталықтардың және фитнес клубтардың жұмыс күндері ғана жұмыс істеуі; қоғамдық орындарда және автобустарда маска тағу.

    Ағымдағы жылдың IV тоқсанында елорданың білім беру объектілерінде оқытуды ұйымдастыру:

    • дәстүрлі форматта 2021 жылғы 19 сәуірден бастап ата-аналардың өтініші бойынша оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 10 адамнан аспайтын қалалық мектептерде;
    • білім беру объектілерінің жұмысын қашықтан оқыту тәртібінде ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар) қоспағанда, олар үшін оқыту аралас форматында (пәндердің 70% -дәстүрлі форматта, 30% - қашықтықтан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша.
    • жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттерін қашықтан оқытуды жалғастырады.

    Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда орталықтарының жұмыс уақыты өзгерген жоқ: жұмыс күндері – 10: 00-ден 17: 00-ге дейін, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады (оларда орналасқан дәріханалар мен супермаркеттерді қоспағанда).

    COVID-19-қа қарсы жаппай вакцинациялау үшін қосымша пункттер орналастырылған нысандар үшін жұмыс режимі аптаның күніне қарамастан, 8:00-ден 22:00-ге дейін белгіленеді.

    Қаулы 12 сәуір күні күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінін сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.