jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Алексей Цой елімізде коронавирустан адам көп қайтыс болып жатқан өңірлерді атады

    Алексей Цой
    Алексей Цой. Фото: СЦК

    Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында елде коронавирус жұқтырғандармен қатар індеттен көз жұмғандар санының да артқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Елімізде ауру жұқтырғандармен қатар өлім жағдайының да өскені байқалады. Наурыз айында ақпанмен салыстырғанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1,4 есеге артқан. Өлім-жітімнің 57 пайызы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және Алматы облысында тіркелген", - дейді ол.

    Министрдің сөзінше, елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қосымша шектеу шаралары қабылданып жатыр.

    Бүгінде Қазақстан бойынша 30 109 төсек-орын әзірленген. Олардың 41 пайызында науқастар жатыр. Төсек-орындардың бос еместігі әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және Алматы облысындағы ауруханаларда байқалуда.

    Цойдың айтуынша, мұнан бөлек 32 064 төсек-орынға шақталған резервтік қор бар. Бұған қоса, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында резервте тұрған қосымша төсек-орын бар. Ол әр қалада шамамен 1 200-ді құрайды.

    "12 наурыз бен 12 сәуір аралығында ауруханаға жатқызылғандар саны 4 713-тен 12 349-ға дейін, яғни 2,6 есеге өсті. Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек-орындардың саны 2752-ні құрайды, олардың 27 пайызы бос емес. Соның ішінде Нұр-Сұлтанда 66 пайыз, Алматыда төсек-орындардың 50 пайызы бос емес. Жансақтау бөлімшесіндегі пациенттер саны 2,4 есеге артты.

    Эпидемиологиялық жағдайдың ушығып тұрғанын ескере отырып, өңір әкімдері үнемі мониторинг жүргізіп отыруы керек. Сондай-ақ жедел әрекет етіп, алдын алу және эпидемиологияға қарсы шаралар қабылдауы тиіс", - дейді Алексей Цой.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.