jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда коронавирус жұқтырғандарды емдеуге арналған үш аурухана жабылды

    Аурухана
    Фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

    Алматыда коронавирус жұқтырған адамдар емделген үш аурухана қалыпты жұмыс режиміне көшірілді. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақталуымен байланысты. Табынбаевтың айтуынша, Алматыда коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге жатқызу жағдайлары азайып келеді. Осының арқасында №1 перзентхана мен екі аурухана қалыпты жұмыс режиміне ауыстырылды.

    Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап жедел жәрдем ауруханасы мұқият дезинфекциялаудан және өңдеуден өткеннен кейін де бұрынғыдай жұмыс істейді. Коронавирусты жұқтырған соңғы науқастар да қорғаныс министрлігінің ауруханасынан, "Халық Аренадағы" ауруханадан шығарылады. Тағы үш аурухана қалыпты жұмысына оралады, олар: №1 қалалық клиникалық аурухана, қалалық кардиологиялық орталық және теміржол емханасы.

    Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар ауруханаларының жұмыспен қамтылуы 31,4% құрайды.

    "Уақытша ауруханалар және қаладағы коронавирус жұқтырғандарға арналған төсек-орындардың жартысына жуығы бостығы түріндегі қолда бар резервті ескере отырып, біз медициналық мекемелерді коронавирустан арылтуға шешім қабылдадық. Алматыдағы ауруханалар бұрынғы жұмыс режиміне оралады. Олар өз профильдеріне сәйкес, жұқпалы емес ауруларға шалдыққан емделушілерді қабылдайтын болады", – деді Табынбаев.

    Бүгінде 2035 адам коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханаларда жатыр. Жалпы жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек-орын қоры 5940 орынды құрайды.

    Бүгінгі күні БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауында үйде ем қабылдап жатқан 2198 науқас бар, олардың 306-сы симптомсыз, 1892-сі жеңіл, 90-ы орташа ауырлық дәрежесінде.

    Жұқпалы аурулар ауруханаларындағы стационарлық науқастардың жалпы санынан 360 пациент амбулаторлық жағдайда одан әрі бақылау және оқшаулануға шығарылды.

    Алматыда коронавирус жұқтырғандарды емдеуге арналған үш аурухана жабылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.