jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда "үнді" штамын жұқтыруы мүмкін пациент туралы не белгілі

    Тестілеу
    Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінгі онлайн-брифингте "үнді" штамын жұқтырған болуы мүмкін деген диагноз қойылған пациент жайлы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Оның айтуынша, қазір Алматыда "үнді" штамын жұқтыруы мүмкін деген бір ғана адам бар.

    "Алматыда бір ғана жағдай тіркеліп отыр, десе де біз онымен байланыста болған барлық адамдарды тіркеуге алдық. Бұл пациент - үй шаруасындағы әйел, оның күйеуі жұмыс істейді және жұмыс бабымен көп жолға шығып жатады. Бірақ ол ақпан айында коронавируспен ауырып шыққан... Дерттің таралмауы үшін алдын ала қажетті шараларды қабылдап жатырмыз", - дейді Жандарбек Бекшин.

    Қаланың бас санитар дәрігері науқастың нақты "үнді" штамын жұқтырған-жұқтырмағаны қажетті зерттеулерден кейін анықталатынын атап өтті.

    Бекшиннің айтуынша, бүгінде әйелдің екі құрылыс базарында болғаны және азық-түлік сатып алу үшін жақын маңдағы дүкенге кіргені белгілі болып отыр. Ол дертті сол жерлердің бірінен жұқтырған болуы мүмкін деген болжам жасалуда. Сонымен қатар, әйелдің күйеуі жұмыс бабымен барған жерлердің бірінде дерт таралып, ер адам дертті тасымалдаушыға айналған деген де болжам бар. Бекшиннің сөзіне сенсек, бүгінгі таңда пацинеттің күйеуі Голландияда жүр.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда COVID-19-дың "үнді" штамы анықталған болуы мүмкін екенін растаған еді.

    Сондай-ақ, "үнді" штамы Алматыдан да анықталған болуы мүмкін екенін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов та мәлімдеген болатын.

    Одан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қосымша тексеріс жүргізу мақсатында 54 науқастан сынама алынған еді. Олардың 56 пайызында алдын ала "үнді" штамы расталып ("Дельта" штамы) отыр.

    Алматыда "үнді" штамын жұқтыруы мүмкін пациент туралы не белгілі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.