jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 4000-ға жуық адам тіркелді

    бетперде74
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда өткен тәулікте 3899 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

    Аймақтар бойынша:

    • Нұр-Сұлтан қаласы - 950
    • Алматы қаласы - 638
    • Шымкент қаласы - 264
    • Ақмола облысы - 139
    • Ақтөбе облысы - 55
    • Алматы облысы - 85
    • Атырау облысы - 290
    • Шығыс Қазақстан облысы - 68
    • Жамбыл облысы - 66
    • Батыс Қазақстан облысы - 215
    • Қарағанды облысы - 603
    • Қостанай облысы - 92
    • Қызылорда облысы - 64
    • Маңғыстау облысы - 126
    • Павлодар облысы - 142
    • Солтүстік Қазақстан облысы - 31
    • Түркістан облысы - 71.

    Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 458 724-ге жетіп отыр.

    Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 491 адам індеттен жазылған.

    Қазір елімізде 41 980 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 13 568 пациент стационарда, 28 412 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

    815 адамның жағдайы ауыр, 189 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 126 науқас өкпені жасанды желдтеу аппаратында жатыр.

    Одан бөлек, үш қала мен сегіз облыс коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

    Ал Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймақта болса, қалған екі өңір Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл аймақта".

    Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 4000-ға жуық адам тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.