jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    COVID-19: Елімізде тәулік ішінде дерттен көз жұмғандардың саны жарияланды

    Коронавирус
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қазақстанда бір тәулік ішінде 57 науқас коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды. Бұл пандемия басталғалы бері тіркеліп отырған өлім жағдайларының ең жоғары көрсеткіштерінің бірі.

    Коронавирустан және коронавирустық пневмониядан көз жұмғандарға қатысты мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram-каналында жарияланды.

    Соңғы мәліметтер бойынша, 13 шілдеде коронавирустың салдарынан 47 адам көз жұмды, тағы 10 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды. Дәл сол күні тағы 127 адамға коронавирустық пневмония диагнозы қойылып отыр.

    Айта кетсек, бұған дейін COVID-19 және пневмониядан көз жұмғандар саны бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелген еді - бір күн ішінде дерттен 59 адам көз жұмған болатын.

    Сонымен қатар, бүгін Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша жаңа анти-рекорд тіркеліп отыр - дертті жұқтыру жағдайы 5 мыңнан астам адамда расталып отыр.

    Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария еткен болатын. Оған сәйкес, Қызылорда облысы "қызыл" аймаққа өтті.

    15 шілдедегі жағдай бойынша, Қызылорда облысынан бөлек "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

    "Сары" аймақта Алматы және Жамбыл облыстары орналасқан.

    COVID-19: Елімізде тәулік ішінде дерттен көз жұмғандардың саны жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.