Бурабайдағы ірі қонақ үйдің 17 қызметкері ауруханаға түсті
Опубликовано:
Читать на русском
Бурабайдағы қонақ үйлердің бірінде қызметкерлер арасында бактериялық ішек инфекциясының 17 жағдайы тіркелген. Бұл туралы Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомство хабарлауынша, инфекцияны жұқтырған 17 науқастың тоғызы Көкшетау қалалық жұқпалы аурулар орталығына жатқызылған, қалғандары амбулаториялық жағдайда емделуде, жағдайлары қанағаттанарлық.
"Бурабай санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қонақүйдің мейрамханасында жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр. Зертханалық зерттеуге су, азық-түлік өнімдері мен жуғыш заттардан сынама алынды, қызметкерлер тексерілді. Барлық сынама бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда", - деп хабардар етті Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Еске сала кетсек, 27 тамызда Жетісу облысындағы ауылдық мейрамханада той болып, келесі күні тойға келген 21 қонағы дәрігердің көмегіне жүгінген болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/coronavirus/2035692-burabaidagy-iri-qonaq-uidin-17-qyzmetkeri-auruxanaga-tusti/