jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жаңа босанған әйел перзентханада ВИЧ жұқтырды: Денсаулық сақтау министрлігі тексеру жүргізіп жатыр

    АИТВ
    АИТВ. Көрнекі фото: vl.aif.ru

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәжіліс кулуарында жаңа босанған қызылордалық әйелдің перзентханада ВИЧ жұқтырғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Журналистер мәжіліс кулуарында Денсаулық министріне әлеуметтік желіде тараған Қызылорда қаласының перинаталдық орталығында әйелдің ВИЧ жұқтырғаны туралы ақпаратты жеткізді. Олар бұл жағдай әйел босанғаннан кейін қан құю кезінде болғанын айтты.

    БАҚ өкілдері министрі Ақмарал Әлназаровадан бұл ақпараттың рас немесе жалған екенін айтып беруді өтінді.

    "Бұл жайт денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Тиісті тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ешкім жауапқа тартылмады деп айта алмаймыз", - деп жауап берді Ақмарал Әлназарова.

    Еске сала кетейік, 2023 жылы маусым айында Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында үш пациенттен АИТВ инфекциясы анықталған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі аталған факті бойынша тексеру жұмыстарын бастаған еді.

    Шілде айында Орталық қалалық клиникалық ауруханада АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша тексеріс нәтижесі белгілі болды. Алматы қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті директорының орынбасары Әсел Қалықованың сөзінше, инфекция таратқан болуы мүмкін пациент басқа ауру белгісімен ауруханаға түскен.

    Эпидемиологиялық тексеру барысында 745 адам тексерілген. Олардың арасында: 118 қан және оның компоненттерінің доноры, 231 медицина қызметкері, бірлескен стационарлық ем қабылдаған немесе ауру жұқтырғандар бағыты бойынша медициналық ұйымдарға жүгінген 396 науқас бар.

    Барлық сараптаманың нәтижесі теріс болып шықты.

    Жаңа босанған әйел перзентханада ВИЧ жұқтырды: Денсаулық сақтау министрлігі тексеру жүргізіп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.