jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ата-анаға жансақтау бөлімінде баламен бірге болуға рұқсат беріледі: бұйрық жобасы жарияланды

    жансақтау
    Жансақтау бөлімі. Көрнекі фото: pexels.com

    Елімізде ендігі уақытта бала аурухананың реанимация бөлімінде жатқанда ата-анасы немесе заңды өкілінің қасында бірге болуға рұқсат берілмек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұған қатысты бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 

    "Ашық реанимация" қағидаты — анестезиология және реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде балалардың тәулік бойы заңды өкілдерімен бірге болуын ұйымдастыруды көздейді", — делінген құжатта.

    Осылайша "Ашық реанимация" қағидаты мүгедектігі бар, онкогематологиялық аурулары бар, паллиативтік көмекке мұқтаж балаларға, өлім аузындағы балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмақ. 

    Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аталған стандартты енгізу балаларға анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуге оң ықпал етеді. Сонымен қатар теріс салдары жоқ және қосымша шығынды қажет етпейді. 

    Құжат жобасы 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр. 

    Ата-анаға жансақтау бөлімінде баламен бірге болуға рұқсат беріледі: бұйрық жобасы жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.