RU
Денсаулық
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері лифтте 5 жасар балаға шабуыл жасады деген жасөспірімнің қайда екенін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Телефон ұстап отырған дәрігер
Медицина қызметкері. Көрнекі фото: fizkes / Getty Images

Астанада лифтте зардап шеккен 5 жасар балаға қатысты тың мәлімет шықты. Оған шабуыл жасады деген жасөспірім бір айға психиатриялық стационарға жатқызылған, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2025 жылғы 12 ақпандағы қаулысына сәйкес кәмелетке толмаған 2010 жылы туған азаматқа бір ай мерзімге психиатриялық стационарға жатқызу түріндегі қауіпсіздік шарасы қолданылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері пациент күшейтілген бақылауға алынғанын мәлім етті.

Еске салсақ, 11 ақпанда желіде Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде белгісіз біреу кішкентай балаға пышақ жарақатын салғаны туралы ақпарат тарады. Бұған ПД баспасөз қызметі пікір білдірді. Оқиғаны тексеру барысында психоневрологиялық диспансер есебінде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім анықталған.

Сонымен бірге зардап шеккен 5 жасар баланың жағдайы ауыр екені айтылды. Балаға ота жасалған. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Кейін Астана қалалық полиция департаменті 5 жасар балаға шабуыл жасап, пышақ жарақатын салды деген жасөспірімнің заңды өкілі жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Ал 5 жасар баланың анасы жағдайдың қалай болғанын айтып, телеарнаға сұхбат берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2222420-densaulyq-saqtau-ministrligining-okilderi-liftte-5-zhasar-balaga-shabuyl-zhasady-degen-zhasospirimning-qaida-ekenin-aitty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif