jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шу ауруханасындағы ана мен бала өлімі: шенеуніктер мен дәрігерлер жазаланды

    Жүкті әйел
    Жүкті әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Жамбыл облысы Шу ауданындағы орталық ауруханада болған ана мен бала өліміне дәрігерлер кінәлі деп табылып, жазаға тартылды. Арнайы комиссия жүкті әйел акушерлердің салғырттығынан қайтыс болды деген қорытынды шығарды, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Шу ауданындағы қайғылы жағдайдан соң өрескел қателікке жол берген жауаптылар жазаланды. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген тексерістен кейін бес лауазымды қызметкерге қатаң шара қолданылған. Ең алдымен Шу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметінен босатылды. Оның орынбасарына да қатаң сөгіс беріліп, босандыру бөлімінің басшысы жұмыстан қуылды.

    Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы мен ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы да қатаң сөгіс алған.

    Анықталғандай, дәрігерлер 25 жастағы Әдемі Ешеналиеваның денесі ісінгеніне мән бермеген. Сондай-ақ зәр мөлшерінің шамадан тыс төмендегенін тексермепті. Соның салдарынан науқастың қан қысымы 170-ке дейін көтеріліп кеткен. Сәбиінен айырылған ана 12 күн бойы ес-түссіз комада жатып көз жұмды.

    "Құлаған кезде бала шетінеді. Құлап, қан қысымы көтеріліп, әйел есінен айырылды. Тексеріп, консилиум жасап, оны үшінші дәрежедегі облыстық перинатал орталыққа жіберу керек еді", - дейді Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қаракөз Сағынғалиева.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Шу ауруханасындағы ана мен бала өлімі: шенеуніктер мен дәрігерлер жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.