jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Қазақстандық акушер-гинеколог Алматы-Лондон рейсінің бортында кәсіби біліктілігін көрсетті

    Салтанат Исағалиева
    Салтанат Исағалиева. Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

    Қазақстандық дәрігер, акушер-гинеколог Салтанат Исағалиева Алматы-Лондон рейсінің бортында денсаулығы күрт нашарлаған жолаушының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Оқиға биыл 30 мамырда болған. Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініп, ауырып қалған.

    "Ресурс шектеулі болды және әйелдің жағдайы тез нашарлай бастады, мұндайда әрбір секунд қымбат. Бортта Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының акушер-гинекологы Салтанат Исағалиева ұшып келе жатты. Қиын жағдайға қарамастан Салтанат Қайратқызы дереу көмек көрсетуге кірісті: пациенттің жағдайын бағалап, қарап-тексеру жүргізді, ұсынымдар беріп, науқас үшін барынша жайлылықты қамтамасыз етті. Жарты сағаттан кейін әйелдің жағдайы тұрақталды", - делінген ведомство хабарламасында.

    Министрліктің мәліметінше, Салтанат Исағалиева – жоғары санатты дәрігер, медицинада 25 жылдан астам өтілі бар, акушерлік бөлімшені басқарады. 10 000-нан астам әйелді босандыруға және операцияға қатысқан, жүздеген сәбидің өмірін құтқарған және мыңдаған пациентінен ризашылық алған.

    Оның еңбегі Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары наградаларымен еленген, атап айтқанда, "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" атағымен, "Мамандығына адалдығы үшін" құрмет медалімен, сондай-ақ "Авиценнаның алтын жұлдызы" төсбелгісімен марапатталды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.