jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

    Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
    Фото: БҚО әкімдігі

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар мен "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті қолданысқа берілді.

    Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын медициналық нысанның ашылуымен құттықтады.

    "Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы баршамыз үшін қуанышты әрі маңызды оқиға. Бұл – мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың және "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" Ұлттық жобасының нақты нәтижесі", - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

    Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
    Фото: БҚО әкімдігі

    Жалпы 2023-2025 жылдары облыста 50 жаңа медициналық нысан салу көзделген болса, соның 39-ы бүгінде іске қосылды.

    Қалған нысандардың құрылыс жұмыстары аяқталуына орай қолданысқа беріледі.

    Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
    Фото: БҚО әкімдігі

    Көнеккеткен ауылында салынған жаңа медициналық нысанның аумағы 260 шаршы метрден асады. Күніне 40-қа жуық адамды қабылдауға қауқарлы бұл пункттің жобалық құны – 207 миллион теңгеден асады. Құрылыс жұмыстарын "Жиенбай" ЖШС жүргізіп, тапсырыс беруші ретінде облыстық құрылыс басқармасы жұмыс атқарды.

    Көнеккеткен ауылының тұрғыны, ауылдық қоғамдық кеңестің төрағасы Тұрған Сапарғалиев ауылда заманауи үлгіде салынған емхана үшін мемлекет басшысына ризашылығын білдірді.

    Нариман Төреғалиев
    Нариман Төреғалиев. Фото: БҚО әкімдігі

    "Облыс көлемінде екі жылда 50 медициналық нысан салу үлкен жұмыс. Президентіміздің халық игілігі үшін жасаған қолдауына алғысымыз шексіз. Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарына көп көңіл бөліп отыр. Ем алу үшін аудан орталығына немесе қалаға баратынбыз. Ендігі кезекте сапалы емді өз ауылымызда да алуға болады", - деді Тұрған Сапарғалиев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.