jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Еліміздің емханаларында әйелдер консультациясы бөлімшелері қайта ашылады

    жүктілік
    Жүктілік. Көрнекі фото: pexels.com

    Қазақстанда жүкті әйелдер мен гинекологиялық аурулары бар әйелдерге арналған медициналық көмек қайта құрылымдалып, алғашқы медициналық-санитариялық көмек аясында қолжетімді болмақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері "әйелдер консультациясы" бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіретінін хабарлады.

    Бастаманың мақсаты – еліміздің әйел халқына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру делінген.

    Әйелдер консультацияларының жаңартылған құрылымында:

    • Бір күндік клиникасы бар ұрықты сақтау орталықтары
    • Отбасын жоспарлау орталықтары
    • *Жүктілікті үзу кабинеттері
    • Мультидисциплинарлық топтың қатысуымен жоғары қауіпті және экстрагениталдық аурулары (ЭГА) бар жүкті әйелдерді қадағалауға арналған кабинеттер
    • Репродуктолог және балалар гинекологының кабинеттері ашылады.

    Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова бұл бастама – әйелдердің денсаулығын жақсартуға, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған нақты қадам екенін айтты.

    Еліміздің емханаларында әйелдер консультациясы бөлімшелері қайта ашылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.