jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ұлытау облысында жаңа босанған әйел мен нәресте шұғыл түрде тікұшақпен Жезқазғанға жеткізілді (видео)

    тікұшақ
    Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

    Ұлытау облысында жаңа туған нәрестені құтқару үшін Атасудан Жезқазғанға дейін тікұшақпен жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" экипажы медициналық авиация бригадасымен бірлесіп, Жезқазған – Атасу – Жезқазған бағыты бойынша шұғыл медициналық рейс орындады.

    Жаңа туған нәрестеге мамандандырылған медициналық көмек қажет болған. Осылайша дереу тікұшақпен жеткізу туралы шешім қабылданды. Анасы сәбиімен бірге тасымалданды.

    "Ұшқыштардың кәсібилігі мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтті. Нәресте анасымен бірге әрі қарай ем алу үшін медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

    Ұлытау облысында жаңа босанған әйел мен нәресте шұғыл түрде тікұшақпен Жезқазғанға жеткізілді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.