jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда мүгедектік дәрежесін анықтау үшін ЖИ қолданылуы мүмкін

    Мүмкіндігі шектеулі жан
    Мүмкіндігі шектеулі жан. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Елімізде мүгедектік дәрежесін анықтау үшін жасанды интеллект қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында қолданылатын жасанды интеллект (бұдан әрі – ЖИ) моделі әзірленіп жатыр.

    "Жасанды интеллект медициналық құжаттардан деректерді тану және құрылымдау жүйесі ретінде пайдаланылмақ, бұл ұсынылған мәліметтердің толықтығын анықтау, диагноздарды еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесімен (ауру түрлерінің халықаралық жіктемесіне сәйкес) салыстыру, сондай-ақ қорытынды шешім бойынша ұсынымдар беру сияқты процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

    Бұл құралды енгізу рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, барлық кезеңде адами факторды жояды, мүгедектік тобын анықтау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта ЖИ моделін оқыту, электрондық құжаттарды ұсыну үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау, клиникалық диагнозды растайтын барлық емдеу-диагностикалық, зертханалық және аспаптық зерттеуді цифрландыру және құрылымдалған түрде беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін куәландырудың жаңа форматын пилоттық режимде апробациялау жоспарланып отыр.

    Қазақстанда мүгедектік дәрежесін анықтау үшін ЖИ қолданылуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.